15
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Алғашқы ташаһудта отырудың парыз еместігі

Алғашқы ташаһудта отырудың парыз еместігі

Намаз

Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) екінші рәкаттан кейін отырмастан тұрып кеткенінде (Сахабалар таспих айтып ескерткенде) қайтып отырмады.

Зуһрий (р.а.) риуаят етті: «Маған Абдуррахман ибн Хұрмуз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) олармен бесін намазын оқығанын айтты.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) екінші рәкаттан кейін отырмастан тұрып кетіпті, адамдар да ол кісімен бірге орындарынан тұрыпты. Намаз біткен соң адамдар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сәлем беруін күтіпті. Ал Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) болса, отырған бойы сәлем бермей тұрып, тәкбір айтып, екі мәрте сәһу сәждесін қылып, содан соң ғана сәлем беріпті»,- деді.

Алғашқы ташаһудте отыру туралы

Абдулла ибн Мәлік (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бізбен бірге бесін намазын оқыды. Екінші рәкаттан кейін ташаһудқа отыру керек болса да, отырмастан тұрып кетті. Намаз біткен соң, екі мәрте сәһу сәждесін қылды»,- деді.

Соңғы ташаһудта отырудың уәжіптігі

Абдулла ибн Масғуд (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) ұйып намаз оқығанымызда ол кісі: «Жебірейіл ғ.с. мен Микайлға сәлем, пәленше мен түгеншеге сәлем»,- деп айтатынбыз. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бізге: «Алла тағаланың есімдерінің бірі – сәлем.

Қайсы бірің намаз оқысаңыз, «Барлық мақтау-сәлемдеріміз, тағат-ғибадат жақсы амалдарымыз Алла тағалаға ғана лайық, о, Пайғамбар (с.ғ.с.) саған Алла Тағаланың сәлемі, рахметі және берекеті болсын, бізге де, барлық жақсы пенделерге де Алла Тағаланың сәлемі болсын!»,- деп айтыңдар.

Егер солай (барлық жақсы пенделерге) десеңіз, жер-көктегі барлық салих пенделерге сауабы тиеді»,- деп айтатын»,- деді. (Дұғаның жалғасы): «Алладан басқа тәңір жоқ, деп куәлік беремін, сондай-ақ Мұхаммед (с.ғ.с.) Алланың құлы және бізге жіберілген елшісі, деп те куәлік беремін».

 

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: