Әнас айтты:
«Айша анамыздың гүлді өрнекті перделері бар болатын. Оны үйінің бір жақ қабырғасына іліп қойған еді. Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): « Мына пердеді бұл жерден алып таста, себебі ондағы суреттер намаз оқыған кезімде әрдәйім көз алдымда тұрады»,- деді. (Яғни көзім түсіп, намаздан шатасамын дегені).
Ғуқба ибн Амир (р.а) айтты: «Бір күні Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) жібек шапан сыйлады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оны киіп, намаз оқыды. Кейін намаздан тұрғаннан соң ренжіген кейіпте асығыс-үсігіс оны шешіп тастап: « Бұл жібектен тігілген киімді кию тақуаларға (ер адамдарға) жарамайды»,- деді.
Айша анамыз (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыз бірде ою-өрнегі бар көйлекпен намаз оқыды. Сонда оның ою- өрнегіне көзі түсті. Намазын оқып болған соң бұрылып: «Менің бұл көйлегімді Әбу Жахмға апарып беріңіз, орнына оның ою-өрнексіз киімін (матасын) алып келіңіз, себебі бұл (ою-өрнекті) көйлек мені намазымнан жанылыстырды»,- деді.
Хишам ибн Ғұруа (р.а.) айтты: « Айша анамызға Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): « Намаз оқып жатқанымда киімімнің ою-өрнегіне көзім түсті. Мені намазда шатастырар деп қауіптенемін деп айтқан екен»,- деді.
материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,
ummet.kz