07
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Ораза айт күні сәресі ішеміз бе?

Шариғат кітаптарында ораза айт күні мешітке барудан бұрын дәм ауыз тию – мұстахап, делінген (Фатху бабил-ғиная, 1/573).

Ораза айтта әр мұсылман орындауы тиіс амалдар

Ғаламдық деңгейде мәртебесі биік діни мереке саналатын Айт – барша мұсылман қауымына ортақ ұлық мейрам. Мұсылмандар оразадан кейін ауыз бекітпейтін ең алғашқы күн. Отыз күн оразада жасаған құлшылық ғибадаттан кейін құлдың бір сәт үзіліс алып, мерекелік көңіл-күйде Алланың сансыз нығметтеріне ой жүгіртетін кезі.

Қадір түнінің 10 ерекшелігі

Бұл түннің басқа түндерден орны ерекше. Өзге түндерде жасалған ғибадаттар оған жете алмайды. Сондықтан атына заты сай «Қадір түні» деп аталған. Жылына бір рет келетін мүбәрак түнде ұйықтап қалмас үшін Қадір түнінің мынадай 10 ерекшелігін ұсынамыз:

Құлшылықты тұрақты орындаушылардың сауабы

Расында Рамазан айында күнәдан тыйылып, бірақ ораза аяқталғаннан кейін күналарға қайта  оралған адам моншадан шыға салып нәжіске  сүнгіген адам сияқты. Ал, керісінше, құлшылықты тұрақты орындаушылар орындамаған құлшылықтарына да сауап алады.

Құран – мұсылманға жеңілдік сыйлаушы

Құранның қадірі мен қасиетін түсіндіру үшін «Құран – бүкіл жаратылыстың Жалғыз Жаратушысының сөзі» деген теңеудің өзі әбден жеткілікті.

Қадір түнінің ең үлкен кереметі

Қадір түнінің маңызы дүниенің ең үлкен төңкерісін жасап, жаһанды қараңғылық қапасынан айықтырып, нұрға бөлеген Құранның сол түні түсе бастауында жатыр.

Қадір түнінде дастархан жаю керек пе?

Кейбіреулер Қадір түні «Қыдыр ата келеді, сондықтан өзің күтіп отырмасаң да дастарханыңды жайып, терезеңді ашып қой», - деп кеңес беріп жатады. Расында да дастархан жаю керек пе?

Рамазандағы құлшылықтың деңгейін қалай сақтаймыз?!

Қасиетті Рамазан айының аяқталуына да санаулы күндер ғана қалды. Өкінішке орай, Рамазан бізбен қалай қоштасса, адамдарда ізгі амалдарымен, құлшылығымен солай қоштасып, арасын үзіп алып жатады.

Рамазанның соңғы 10 күніне керемет 3 кеңес

Ең соңғы күнге дейін, сағатқа, тіпті минутқа дейін Алла Тағаладан жүрегімізді мазалаған уайымымызды жеңілдет деп, Өзіне апарар жолды көрсетуін, күнәмізді кешіріп, жақындарымызды Жәннатпен сүйіншілеуін сұрауға тиіспіз.