23
Сенбі,
Қараша

һижри

 Сұрақ: сәресіден кейін дұға оқыла ма?

Жауап: ораза кезінде таңертең сәресі ішкеннен кейін және кешке ауыз ашқаннан соң дұға ету – сүннет.

Сұрақ: Бірде сәресіні тым ерте жеп ауыз бекіттім. Біраз уақыттан соң шөлдей бастадым. Таң атқанға дейін уақыт болғанына қарамастан оразамды бұзып аламын ба деп су ішпедім. Біреулер «су ішсең болар еді» деді. Осы жағдайда не істеу керек еді?

Сұрақ: Біреулер оразаға алдын ала дайындалып, Рамазанның бірінші күнінен ауыз бекіте бастаса, біреулер оразаның біршама күндері өткеннен кейін: «Ораза ұстасам ба екен?», - деп ойлана бастайды. Осы жағдайда не істеген дұрыс?

ИмамМуслимӘнасибнМаликтен (родиял-лаһуғанһу) риуаятеткенхадистеПайғамбарымыз (солләл-лаһуғаләйһиуәсалләм): «Сүннәтімнен[1]бастартқанМенен[2]емес»,-десе,[3] Айшаанамыздан (родиял-лаһуғанһа) риуаятетілгенхадисте: «Бізбұйырмағаннәрсеніістегенніңісіқабылемес»,-деген.[4]

Ғалымдар бұл хадистің ұғымына қатысты: «Бұл хадистегі «қабыл емес» сөзі «батыл», «есепке алынбайды» дегенді білдірсе, хадистің өзі Исламның елеулі қағидасына жатады. Өйткені бұл сөз өзіне Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) барлық өсиетін қамтып, әрбір дінбұзарлық істі жоққа шығарады»,-деген.[5]

«Расулуллаһ (солләл-лаһуғаләйһиуәсалләм) айтады: «Рамазанайыныңоразасыншыниманкелтірген[1]жәнесауаптанүміттенгенхалде[2]ұстағанадамныңбұрын iстелгенкүнәларыкешiрiледi».[3]

Хузайфа (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «Мен Расулуллаһтың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай дегенін естідім: «Пенденің фитнасы[1] жанұя, мал және көршісінде.[2] Ал оны намаз, ораза, садақа, жамандықтан тыйып, жақсылыққа шақыру кетіреді».[3]

Хадисті Хузайфадан (родиял-лаһу ғанһу) Имам Бухари, Имам Муслим және Имам Ибн Мажәһ риуаят етті.[4]

 



[1] тіл саласының ғалымдары: «Арабтарда «фитна» сөзінің түп негізгі мағынасы «сынақ», «емтихан» деген ұғымдарды білдіреді»,-деген. («Сахиху Муслим би шархин-Науауи»)

[2] Имам Әз-Зәйн ибн Әл-Мунир айтады: «Отбасыдағы фитна – ата-анасы баласына қатысты міндетіне селқостық етуінде. Мал-дүниедегі фитна – құлшылыққа немесе Хақ Тағалаға қатысты міндетің атқарылуына кедергі болуында. Көршідегі фитна – көршіге қатысты көреалмаушылық пен өзімшілдікте әрі көршісін мазақ етуде». («Сахиху Муслим би шархин-Науауи»)

[3] бұл Хақ Тағаланың: «Расында игі амалдар жамандықты кетіреді»,-дегеніне сай. («Һуд» сүресі, 115 аят)

[4]«Сунәну Ибн Мажәһ», «Сахихүл-Бухари», «Сахиху Муслим», «Фатхүл-Бари» шарху «Сахихил-Бухари» және «Сахиху Муслим би шархин-Науауи».