23
Сенбі,
Қараша

һижри

Оразаның денсаулыққа пайдасы қандай?

Ораза

Қасиетті Рамазан айында ауыз бекітіп, ораза ұстаудың тек рухани тұрғыда емес, медициналық тұрғыда да пайдасы мол екенін ғалымдар жылда айтады.

Дәрігерлердің сөзіне сенсек, осынау діни парызымызды орындау арқылы бүйрек, бауыр, қуық, қант диабеті, жүрек пен тамыр ауруларына қарсы төзімділігіміз артады екен. Ендеше, оразаның нақты қандай аурулардан сақтайтынына назар аударайық.

Тері ауруларына пайдасы. Ауыз бекітудің тері ауруларымен күресуде пайдалы әсері бар. Себебі адам ораза ұстаған кезде қандағы су мөлшері азаяды, яғни терідегі су құрамы да кемиді деген сөз. Бұл – терінің қуаттылығын арттырып, зиянды микроптар мен бактерияларға қарсы тұруға көмектеседі. Сондай-ақ, қышыма аурының адам денесіне әрі қарай таралуын тоқтатып, терінің майлануы мен аллергиядан жазылуға да оң әсерін тигізеді.

Ас қорыту жүйесі дем алады. Ауыз бекіту – ас қорыту жүйесінің дем алуына мүмкіндік береді. Бұл адамның сөл бөлу жүйесін жақсартып, бір қалыпқа түсіреді. Бірақ, бір ескерте кететін жәйт, ораза ұстаған кезде асқазан қышқылдық бөлуді тоқтатпайды. Яғни, асқазанында жарасы бар адам ауыз бекіту кезінде абай болуы қажет.

Қан қысымын түсіру мен бас ауруына пайдасы. Ауыз бекіту – қан қысымын түсіруге және қанның қоюлануы қаупін азайтуға бағытталған табиғи жол. Өйткені, адам ұзақ уақытқа тамақтан тыйылған кезде бойға қажетті энергияны жеткізу үшін организм денедегі маймен қоса глюкозаны жаға бастайды. Сондай-ақ, адам бойындағы тамақ құрамы және адреналин сияқты гормондар азаяды. Мұның бәрі бойдағы қан қысымының түсуіне әкеледі.

Қан қоюлануың алдын алады. Көптеген мұсылман және мұсылман емес ғалымдар ауыз бекітудің денедегі майдың құрамын азайтумен қатар, ағзадағы холестерин мөлшерін де бәсеңдететінін айтады. Холестерин дегеніміз ол – қан тамырларына тұнатын зат. Денедегі майдың құрамы көбейген сайын холестерин мөлшері де ұлғаяды. Мұның арты артериосклероз (қан тамырларының майлануы) дертіне және жүрек пен мидағы қанның қоюлануына әкеп соғады.

Тұз байлану аруына пайдасы. Бұл дерт көп тамақтанудан, әсіресе, еттен жасалған өнімдермен көп қоректенуден пайда болады. Сондай-ақ, адам шамасынан көп тамақ жегенде бұлшықеттердегі протейн құрамы тым көбейіп, бұзыла бастайды. Бұл адам буындарына, әсіресе, аяқтағы үлкен бармаққа несеп қышқылының жиналуына әкеп соғады. Адам тұз байлану ауруына шалдыққан кезде әлгі буындар ісіп, қызарады да, ауырта бастайды. Сондай-ақ, қандағы несеп тұзының мөлшері көбейіп, ол бүйрекке жиналып тұнады. Бұл процесс ақырында бүйректе тас пайда болуына әкеп соғады. Сондықтан, тамақ пен судан тыйылып, біраз уақыт ауыз бекіту – осынау дертті емдеудегі ұтымды жол.

Артық салмақтан арылуға әсерін тигізеді. Егер ораза ұстаушы ауыз ашқаннан кейін жейтін тамақ мөлшеріне шектеу қойып, дұрыс режиммен тамақтанса, бойдағы артық салмақтан арылуға ораза таптырмайтын әдіс. Яғни, адам ұзақ уақытқа қарны аш жүріп, ауыз ашқан кезде бірден тамақ пен сусындарға тойып алмағаны жөн. Себебі бұл керісінше салмақтың көбеюіне әкеліп соғады.

ummet.kz

Бөлісу: