23
Сенбі,
Қараша

һижри

Ораза не үшін парыз болған?

Ораза не үшін парыз болған?

Ораза

Бай-кедей демей жылына бір ай ашығу мақсат па әлде мұның тарихи мағынасы бар ма?

Алла Тағала денсаулығы жарайтын, кәмелетке толған, ақыл-есi дұрыс мұсылманға оразаны парыз еттi. Жыл сайын әр мұсылман таңнан кешке дейiн шын ниетiмен Рамазан оразасын ұстауы қажет. Алла Тағала Құран Кәрімде («Бақара» сүресінің 183-аятында): «Ей, иман келтіргендер! Тақуалықтан үміттерің болса, өздеріңнен бұрынғыларға ораза ұстау парыз етілгені сияқты, сендерге де ораза ұстау парыз етілді» деген. Ораза Хижри жылының екінші жылында бізге парыз болған. Демек ораза тақуалық үшін.

Сонымен қатар ораза ұстаған бай кісі ашыққан соң кедейдің жағдайын түсінеді де кедейлерге мейіріммен қарап көмектеседі. Тарихы Адам атадан (ғ.с.)  басталады. Адам  ата (ғ.с.) Алла Тағаланың тыйым салған жемісін  жеп күнәһар болды. Сол күнәсінен тазару үшін 30 күн күндіз-түні ораза ұстаған. Демек оразаны күнәлардан тазару үшін ұстаймыз. Алла Тағала Мұхаммед пайғамбардың ф(с.ғ.с.) үмметіне рахмет етіп ораза кезінде түнде тамақ ішуге рұқсат еткен.

ummet.kz

Бөлісу: