23
Сенбі,
Қараша

һижри

Ауызашар алдында жасалуы тиіс екі амал

Ауызашар алдында жасалуы тиіс екі амал

Ораза

Ауызашар алдында жасалуы тиіс екі амал бар. Оның біріншісі – ауыз ашар сәтіне асығу.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Алла Тағала: «Құлдарымның ішінде Мен үшін ең сүйіктілері – ауыз ашуға асығатындары», – деп айтады». Хадисті Әбу Һурайрадан (р.а.) имам Тирмизи риуаят етті.

Тағы бір хадисінде Алла Елшісі (с.ғ.с) айтады: «Ауыз ашуды кешiктiрмеумен адамдардың жақсылыққа кенелуi жалғасады». (хадистi Сәһл ибн Сағдтан  Имам Тирмизи риуаят еттi)

Яғни, ауыз ашуға асығу – оразада күн батқаннан кейін кешіктірместен ауыз ашу. Оразада ауыз ашуды кешіктірмеу – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннеті. Сондықтан Рамазанда күн батысымен ауыз ашқан адам Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетін орындап мол сауапқа қол жеткізген болады. Сондықтан ғалымдар күн батқаннан соң кешіктірместен ауыз ашуды мустахабқа жатқызады. Мустахаб – шариғат оң көрген амал.

Екінші амал – ауызашарда бірінші дұға жасап, содан кейін барып су ішесіз. Алла Тағала – әрдайым сырлар мен сыбдырларды Естуші, жасырын мен әшкерені Көруші, жүректер мен жағдайлардан Хабардар. «Ораза ұстаушының ауыз ашар алдындағы дұғасы қайтарылмайды» делінген хадисте (Ибн Мәжәһ, Хаким). Яғни, ауызашар алдында жасаған адамның дұға-тілегі мен Алланың арасында перде болмайды. Сондықтан, ауыз ашар алдында ең алдымен шын ықыласпен дұға жасап барып , ауыз ашуды естен шығармаңыз.

ummet.kz

Бөлісу: