23
Сенбі,
Қараша

һижри

Рамазанда оразаны ықыласпен ұстаудың сауабы

Рамазанда оразаны ықыласпен ұстаудың сауабы

Ораза

Ислам дінінде адал ниет, шын ықылас, қажырлы ыждағат-ынтаның орны ерекше. Бөтен пиғылды ысырып қойып, түзу ниетпен орындалған істің сауабы мол. Керісінше, ықылассыз, құлықсыз жасалған іс-амалдың сауабы да кемшін. Кейде нақты ниетсіз жасалған көп істен гөрі ықылас қойып орындалған аз істің сауап салмағы басым түсуі ықтимал.

Расында, ғибадат-құлшылықтағы ең басты талаптардың бірі – ықылас. Алла Тағала Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аллаға ықыласты түрде құлшылық етуге бұйырылдым деп айт», - деп әмір еткен («Зумәр» сүресі, 39-аят). Ал «Ағраф» сүресінің 29-аятында: «Сондай-ақ, әрбір мешітте Аллаға ықылас қойған күйде жүздеріңді бұрып, дұға етіңдер», - деген. Ықылассыз жасалған, жүрдім-бардым орындалған амалдың сауабы да кем, сүннетке де сай емес.

Ал, Рамазанда оразаны ықыласпен ұстаған адамның бұрынғы барлық күнәлары  кешіріледі!

Жер бетінде қателіксіз, күнәсіз адам жоқ. Сіз де, мына отырған біз де әйтеуір бір жерде сүрініп, жаза бастық. Қателестік, қайғырдық. Бармақ тістеп,  тәубе жасадық. Ал Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Рамазан айында Алланың сыйына деген иманмен және үмітпен ораза ұстаса, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі» , - деді. (Бұхари, Муслим). Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде былай деді: «Бес парыз намазды орындау, алдыңғы жұма намазынан кейінгі келесі жұма намазына қатысу және әр Рамазан келген сайын ораза ұстау олардың арасында істелген күнәларды өтейді, тек егер олардың арасында ауыр күнәлар болмаған болса» (Муслим).

ummet.kz

Бөлісу: