23
Сенбі,
Қараша

һижри

«Рамазанда төрт істі көбейтіңдер»

«Рамазанда төрт істі көбейтіңдер»

Ораза

Рамазанның түндерін намазбен, күнін дұғамен өткізудің маңызы зор. Қасиетті айда жасалуы тиіс сауапты амалдардың қатары да жеткілікті.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Рамазанда төрт істі көбейтіңдер. Оның екеуімен Раббыларыңды разы етсеңдер, екеуі сендерге міндетті. Раббыларыңды разы ететін екі іс: «Хақ Тағаладан өзге тәңір жоқ», – деп куәлік ету және көп истиғфар айту,яғни, күнәсі үшін Хақ Тағаладан кешірім сұрау. Істелуі міндетті болған екі амал: Хақ Тағаладан Жәннатқа кіргізуін сұрап, тозақтан пана тілеу. Ораза ұстағанға су бергенді Хақ Тағала Қиямет күні менің хауызымнан сусындатады. Кейін ол жәннатқа кіруге дейін шөлдемейді», - деді» (Имам Ибн Ән-Нәжжәр риуаят еткен).

Осы жерде бұл хадисті келтірудегі мақсат: назарыңызды Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Рамазанда төрт істі көбейтіңдер. Оның екеуімен Раббыларыңды разы етсеңдер, екеуі сендерге міндетті. Раббыларыңды разы ететін екі іс: «Хақ Тағаладан өзге тәңір жоқ»,-деп куәлік ету және көп истиғфар айту. Істелуі міндетті болған екі амал: Хақ Тағаладан Жәннатқа кіргізуін сұрап, тозақтан пана тілеу», – деген сөзіне аудару.

ummet.kz

Бөлісу: