24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Қадір түнінде оқылатын арнайы дұға

Қадір түнінде оқылатын арнайы дұға

Ораза

Айлардың сұлтаны - Рамазан айы болса, түндердің ең құндысы, ең қасиеттісі, төресі – Қадір түні. Өйткені, бұл түнде адамзатқа арналған Алланың сөзі қасиетті Құран Кәрімнің аяттары түсе бастаған.

Алланың мейірімінен үміт еткен әрбір адам Қадір түні кірместен бұрын мүмкін болса ғұсыл алып (толық жуынып), дәрет алып, таза киім киіп, хош иісті әтір себініп, қасиетті түнді күтуге дайындық жасайды.

Бірінші дайындық –  Алладан арман-тілектерді сұрау. Ал Қадір түнінде оқылатын арнайы дұға мынадай: Айша анамыз (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Алла Елшісі, егер мен Қадір түнінің басталғаны туралы білсем, не айтуым керек?» ‒ деп сұрайды. Бұған Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Я, Алла, расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!», деп айт деп үйретеді. (Тирмизи, Ибн Мәжаһ, Хаким).

«Аллаһуммә иннәкә Ъафуун, тухиббул-ъафуа фаъфу-ъанни». 

ummet.kz

Бөлісу: