22
Жұма,
Қараша

һижри

Ораза ұстаушының аузынан шыққан иіс те қадірлі

Ораза ұстаушының аузынан шыққан иіс те қадірлі

Ораза

Алла Тағала бекіткен құлшылықтардың қатарындағы сауабы еселеніп тұратыны – Рамазан айындағы ораза. Бұл – нағыз сабыр мен ұстамдылықтың, ықылас пен ниеттің сыналар шағы. Алайда,  нәпсісінің назына жауап таппай, құлшынысы құбылған, қорқынышы қарқындаған бауырларымызға асыл дініміздің айтар сүйіншісі бар!

Ораза ұстасаңыз, тіпті, аузыңыздан шығатын иіс те қадірлі болатынын білесіз бе?

Бүгінгі таңда хош иісті әтірлер шығаратын әртүрлі компаниялар, ірі фирмалар бар. Бұл өнімдердің сапасына қарай бағалары да қымбат. Ал ораза ұстасаңыз, Алла үшін сіздің ауызыңыздағы иіс атағы жер жарған сол фирмалардың әтірлерінен де жоғары болады! Өйткені, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Ораза тұтушының ауызынан шығатын иіс Алла үшін мисктің (әтірдің) хош иісінен де жағымдырақ!» - деген. (Муслим).  

ummet.kz

Бөлісу: