22
Жұма,
Қараша

һижри

Қадір түнінің 10 ерекшелігі

Қадір түнінің 10 ерекшелігі

Ораза

Бұл түннің басқа түндерден орны ерекше. Өзге түндерде жасалған ғибадаттар оған жете алмайды. Сондықтан атына заты сай «Қадір түні» деп аталған. Жылына бір рет келетін мүбәрак түнде ұйықтап қалмас үшін Қадір түнінің мынадай 10 ерекшелігін ұсынамыз:

Бірінші ерекшелігі – Қадір түнінде қасиетті Құран Кәрімнің түсірілді

Екінші ерекшелігі – ұлық түн. Басқа түндер Қадір түніне сәйкес келмейді. Бірдей бола алмайды да.

Үшінші ерекшелігі – құлшылық түні.

Ал Хафиз Ибн Ражаб деген ғалым: «Ей, өз өмірін ешбір игілікке қол жеткізбей өткізген адам! Қадір түнін жіберіп алғандарымды қайта толықтыру үшін қолданамын. Өйткені, бұл түн тұтас өмірге тең келеді ғой!» - деп айтқан.

Төртінші ерекшелігі – бұл түнде шайтандар болмайды.

Ибн Аббастың: «Бұл түні жындарды кісендеп, үлкен жындарды қамап тастайды» деген сөзі бар. Ал Мужаһит: «Бұл – амандық, есендік, тыныштық түні. Бұл түні шайтандар адамдарға тыныштық береді. Олар адамдарға жақындамайды, азғырып, тура жолдан тайдыра алмайды», - деген.

Бесінші ерекшелігі – періштелердің бәрі, Жәбрейілдің өзі Алла Тағаланың қалауы бойынша жерге түсіріледі. «Қадір» сүресінің 4-аятында:

«Ол кезде Раббыларының қалауымен Оның әрбір әмірі үшін періштелер мен Рұх (Жәбрейіл) түседі» делінген.

Алтыншы ерекшелігі – бұл түнде амандық, тыныштық салтанат құрады, жамандық атаулыдан аулақ болады.

Жетінші ерекшелігі – бұл түн мүбәрак кеші, яғни береке кеші.

Сегізінші ерекшелігі – күнәлар кешіріледі. Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім де кім осы түнде Аллаға иман келтіріп, сауабынан үміттеніп, құлшылықы ететін болса, Алла Тағала оның бұрынғы істеген барлық кінәларын, кемшіліктерін, қателіктерін кешіреді» - деген.⠀

Тоғызыншы ерекшелігі – бір жылдық тағдыр жазылады. 1 жылдың ішінде кімге қанша ризық бөлінетіні, қашан қанша жаңбыр жауатыны, кімнің дүниеге келетіні, кімнің дүние салатыны, кімнің қажылыққа баратыны да жазылады», - деген.

Оныншы – Қажылыққа баратындардың тізімі жазылады. «Қадір түнінде бір жыл ішінде Алланың үйі ‒ Қағбаны зиярат етіп, қажылық жасайтындардың есімдері әкелерінің есімдерімен қосылып жазылады», - деген.

ummet.kz

 

Бөлісу: