22
Жұма,
Қараша

һижри

Бүгін 83 жылдан артық болған Қадір түні!

Бүгін 83 жылдан артық болған Қадір түні!

Ораза

Мамырдың 8-інен 9-ына қараған түні күн батқан уақытта Қасиетті Қадір түні кіреді.

Бүгін Алланың мейірімінен үміт еткен әрбір адам Қадір түні кірместен бұрын толық шомылып, дәрет алып, таза киім киіп, қасиетті түнді күтуге дайындық жасауы тиіс.

Қадір түні – ақ пен қараны ажыратып, тура жол көрсетуші «Құран» түскен күн. Қадір түні мың айдан да қайырлы.

Имам Хамд ибн Ахмад: «Бұл түні жер бетіне түскен періштелердің көптігі сонша – жер беті періштелерге сыймай кетеді», - деген.

Қадір түні – тағдыр түні. Себебі: бұл түні келесі жылғы Қадір түніне дейін кімнің ажалы жететінін, кімге қанша  ризық-несібе бөлінетіні т.б маңызды нәрселер шешіледі.

Сондықтан, дұға-тілектеріңізді айтып, жақсы амалдар жасап, ерінбей Алладан сұрап қалу қажет.

Бұл түні Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ең бірінші Құран оқыған. Біз де бұл түні Құран Кәрім оқудан бастағанымыз дұрыс.

Құранның қазақша нұсқасын болса да оқып, аяттардың мағынасын түсінуге тырысауымыз керек.

Бұл түні жасалуы тиіс істер: намаз оқу, Құран оқу, өткен күнәларды енді жасамасқа тәубе етіп, кешірім тілеу, жалбарынып тілек тілеу.

ummet.kz

Бөлісу: