22
Жұма,
Қараша

һижри

Шәууәл айында оразаны қалай ұстау керек?

Шәууәл айында оразаны қалай ұстау керек?

Ораза

Әбу Аюбтан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте, егер кімде кім Рамазанның оразасын аяқтаған сон Шәууәл айында алты күн ораза тұтса, бір жыл ораза ұстағанмен тең болады делінеді.



Бұл Алла Тағаланың бізге берген ұлы Мейірімі. Аз ғана амал жасап, он есе сауап алу – жақсы табыс көзі және керемет келісім.
Шәууәл айындағы ораза тек Шәууәл айында ғана ұсталады. Егер кімде кім ай аяқталғанша ұстап үлгермесе, күнә болып саналмайды, себебі бұл ораза парыз етілмеген. Шәууәл айының оразасын Ораза Айт мейрамының бірінші күні өткен соң ұстай беруге болады.

Шәууәл айындағы ораза мен Рамазан айындағы ораза, сондай-ақ, өзге айлардағы тұтылатын оразалардың барлығы таңнан кешке дейін ұсталады.
Таң намазы – ауыз бекітер уақыттың басталуы. Бұл деген сөз, сәресі ішуді және оразаны бұзатын амалдарды (ерлі-зайыптыларға жыныстық қатынасты, тіс тазалау барысында тіс пастасы жұтып қою, тағы басқа) тоқтату қажет деген сөз. Рамазан айындағы оразаны бұзатын амалдырдың барлығы да кез келген оразаны да бұзады.

Ақшам намазының уақыты – ауыз ашатын уақыт. Күн ұясына бата салысымен мұсылман адам оразада тыйым салынған амалдарды жасауына болады.

Алла Тағала баршамыздың оразамызды қабыл алып, екі ғұмырда да сауапқа кенелтсін!

ummet.kz

Бөлісу: