22
Жұма,
Қараша

һижри

Шәууәл оразасын айдың басында ұстау керек пе?

Шәууәл оразасын айдың басында ұстау керек пе?

Ораза

Шәууәл айының оразасы нәпіл ораза болып табылады. Яғни, мұны ұстау, ұстамау әркімнің өз еркінде, оны ұстау ешкімге міндеттелмеген.

Шәууәл айының нәпіл оразасы шәууал айында ғана ұсталады. Әрі оны ораза айт күнін өткізіп, кейінгі күндері бастаған дұрыс.  Бұл оразаны шәууәл айының басында, ортасында немесе аяғында үздіксіз яки күнара тұтуға болады. Бірақ, айттың артынша кезекпен дереу бәрін ұстаған абзал.

Рамазан айында қазасы болса, әуелі сол қазаны, сосын шәууәл айы оразасын тұтады. Өйткені, хадисте «Кімде-кім Рамазан айының оразасынан соң...» деген. Рамазан оразасын ұстамаған адамдарға да шәууал оразасын ұстауға болады. Алайда, рамазан айының оразасын тұту парыз екенін ұмытпау керек.

Шәууал оразасы да басқа оразалар сияқты таң атқаннан бастап күн батқанға дейін жалғасады.  Алла Тағала оразамызды қабыл алып, мол сауапқа кенелуді, жәннатқа кіруді нәсіп еткей! 

ummet.kz

Бөлісу: