22
Жұма,
Қараша

һижри

Оразаның уақытын белгілеудегі нәзік өлшем

Оразаның уақытын белгілеудегі нәзік өлшем

Ораза

Ислам дінінің ең соңғы әрі кәміл дін болу ерекшелігі оның әр мәселесінде айқын көрінеді.

Намаздың күн жүйесіндегі сағатқа қарай белгіленуінің астарында да үлкен хикмет бар. Жер бетінде күн әр жерде түрлі сағатта туып, түрлі сағатта батады. Мұсылман елдерінде күніне бес уақыт намаз түрлі-түрлі уақыттарда оқылғандықтан, жер бетінде азанның үні бірінен соң бірі жалғасып, Жаратқанды ұлықтап тағзым етпеген сәт қалмайды.

Ораза болса қамари, яғни ай жүйесінің мезгіліне байланысты. Күн жүйесі мен ай жүйесі арасында бір жылда 11 күн айырмашылық бар. Осылайша ораза жылдың әр маусымында, мұсылмандар арасында ұзын-қысқа, ыстық-суық кезеңдерде әділдік сақталу үшін Алла мен Оның елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осы құлшылықтың қамари жылы бойынша орындалуын бұйырған. Алғашында ораза жаз айында парыз етілген-ді. Егер күн жыл санауына қарай бекітілсе, онда үнемі жаз айларында ұстау қажет болар еді. Бұл жағдайда Солтүстік жарты шары өте ыстық әрі ұзақ күндерде, ал Оңтүстік полюстерде үнемі қыс айларында күннің ең қысқа мерзімінде өтелген болар еді. Бұл өз кезегінде мұсылмандар арасында әділетсіздік болып саналар еді. Алайда Ислам діні бұл мәселеде де ерекше мұқияттылықпен әр тоғыз жылда оразаның түрлі маусымдарда тұтылуын қамтамасыз еткен.

материал «Ораза – теңдессіз құлшылық» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: