22
Жұма,
Қараша

һижри

Оразаның бұрынғы үмбеттерге де парыз етілуі

Оразаның бұрынғы үмбеттерге де парыз етілуі

Ораза

Құран кәрімде Рамазан оразасы жайында айтылған аятта оразаның тек бізге емес, бұрынғы өткен үмбеттерге де парыз етілгені туралы хабар берілген. Алла тағала былай дейді: 

«Уа, иман еткендер! Өздеріңнен бұрынғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Бәлкім, сол арқылы күнә атаулыдан сақтанып, тақуалыққа жетерсіңдер».

Рамазан айының оразасы құбыла Қағба бағытына ауыстырылған соң бір айдан кейін Пайғамбарымыздың Мәдинаға һижретінің он сегізінші айының бас кезінде Шағбан айында парыз етілді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Яһудилердің әр айдың Әййәмул-бийд деп аталатын он үш, он төрт, он бесінші күндері ораза ұстайтындығын естіді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мұның мәнісін сұрағанда, «Әзірет Мұса осы күндері ораза ұстайтын. Біз де оның артынан еріп, ораза ұстаудамыз», – деп жауап береді. Сонда Пайғамбарымыз: «Мен Мұсаға сендерден де жақынмын», – деп өзі де ораза ұстады, басқаларға да ұстатты.

Бір пайғамбар өзінен бұрынғы пайғамбардан қалған діннің дұрыс тұстары болса – қабылдап, бұзылған жерлері болса – түзетуге міндетті. Сондықтан Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дұрыс болған оразаны қабылдап, сол күндері ораза ұстатқан.

Бұхари мен Мүслимде бірдей кездесетін хадисте Пайғамбарымыз былай деген: «Ислам бес нәрседен тұрады: кәлима шаһадат айту, намаз оқу, зекет беру, қажылыққа бару, Рамазан айында ораза ұстау».

Ислам тек біздің дініміздің аты ғана емес. Адам пайғамбарға дейінгі барлық діндердің негізі мен шынайы аты – Ислам. Яғни, Алланың әмірлеріне мойынсұну. Барлық дінде осы бес нәрсе негіз болған, жалпы қамтылған. Тек қана, «Мухаммадун Расулуллаһ» сөзінің орнына өз пайғамбарларының есімі қойылған болар.

материал «Сауабы мол құлшылық» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: