23
Сенбі,
Қараша

һижри

Оразаның қарымтасы – Жаратқанның жарылқауы

Оразаның қарымтасы – Жаратқанның жарылқауы

Ораза

Хақ Тағала өз кәламында:

«...ораза ұстаушы ерлер мен ораза ұстаушы әйелдер, ұятты жерлерін қорғаушы ерлер мен әйелдер, Алланы көп зікір етуші ерлер мен әйелдер; Алла Тағала бұларға жарылқау әрі үлкен сыйлық әзірледі» («Азхаб» сүресі, 35-аят) мұсылмандардың бірқатар сипаттарын атай келе, солардың арасына ораза ұстаған ерлер мен әйелдерді де қосып, оларға Өзінің жарылқауы мен үлкен сый берілетіндігін атап айтқан.

Алланың жарылқауына қол жеткізудің өзі үлкен бақыт. Алайда Рахман Алла тек жарылқап қана қоймай тағы да үлкен сый береді. Өз кезегінде жер бетінде көріп жүрген Алланың нығметтері Оның рақымдылығының бір ғана бөлігі болса, хадисте баяндалғандай ақыретте оның тоқсан тоғыз бөлігін паш етеді. Мәңгілік жәннат нығметтерінен асқан қандай үлкен сый, жарылқау бар?!

материал «Рамазан айы және әйелдерге тән мәселелер» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: