22
Жұма,
Қараша

һижри

Ораза ұстау үшін ниет қалай болуы тиіс?

Ораза ұстау үшін ниет қалай болуы тиіс?

Ораза

Оразаның ниетін түсіндіру үшін оразаны уақыты белгіленген және белгіленбеген деп екіге бөліп аламыз.

Уақыты белгіленген оразаларға Рамазан айы оразасы мен уақыты белгіленген нәзір оразасы жатады. Бұл оразаларға түнде, таң атпай жатып та, таң атқаннан кейін сәске уақытына дейін де ниет етуге болады. Уақыты белгіленбеген оразаларға Рамазан оразасының қазасы, уақыты белгіленбеген нәзір оразасы және кәффарат оразасы жатады. Мұндай оразаларға ниет тек қана түнде немесе таң атпай тұрып сәресі уақытында жасалады.

Ниет іштей ойлау арқылы жасалатындықтан, оны “Алла разылығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім”, – деп тілмен айтуға да, немесе тілмен айтпай-ақ, ойша да жасауға болады. Оразаға ниет ететін адамның сахар уақытында сәресі ішуі – мустахаб амал. Хазіреті Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Сәресі ішіңіздер, себебі сәресіде береке бар».

материал «Ораза кітапшасы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: