21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Тарауық және тахажуд намазы – бір намаз емес

Тарауық және тахажуд намазы – бір намаз емес

Ораза

Тарауық және тахажуд намазы – екі түрлі намаз. Тарауық — түннің алғашқы бөлігінде орындалады, тахажуд — түннің соңғы бөлігінде оқылады және адам ұйықтап тұрғаны абзал болады. Ал, тарауық адам ұйықтамай тұрып оқылады.

Муфтий Мухаммад Шарифул-Хақ Амджади«Нузхатул-Кари»-де (2 том,687-688 бет): «Мәзхаб ұстанбайтындардың пікірі бойынша Пайғамбарымыз Рамазан айында тек тахажуд намазын оқитын, ал біздер Рамазан айында тарауық және тахажуд намазын оқу сүннет амал деген пікірді ұстанамыз. Оған дәлел Омар сөзі: «Ұйықтап тұрып оқылған намаз, ұйықтамай оқылған намаздан абзалырақ.» (Сахих Бухари «Тарауих кітабы»).

«Бір намаз екінші намаздан абзал дегені бұл жерде екі түрлі намаз екендігі және тахажуд намазын оқу үшін ұйықтау керектігін байқаймыз. Табарани «Кабир» және «Аусат» атты еңбектерінде Хажаж ибн Умрадан сөз келтіреді: «Түнімен намаз оқу арқылы тахажуд намазын орындадым деп ойлайсындар ма? Олай дұрыс емес. Тахажуд намазы ұйықтап тұрған соң ғана оқылады. Бұл тахажуд сөзінің мағынасынан да белгілі.»

Алла Тағала «Исра» сүресінде айтады (17:79): «Түннен оянып (Құранмен) өзіңе тән нәпіл оқы. Раббыңның сені бір мақтаулы орынға жеткізуінен үміт етіледі.»
Ибн Касир жоғарыдағы аяттың тәпсірінде: «Алла Тағала түнгі намазды парыз намаздарынан кейін оқуын бұйыруда және тахажуд деген сөздің мағынасы ұйқыдан соң оқылатын намаз дегенді білдіреді. Алқама, ал-Асуад, Ибраһима ан-Нахаи және т.б. ғұламалар осы көзқарасты ұстанған. Бұл араб тілінен де белгілі. Ибн Аббастан, Айша анамыздан және т.б. риуаяттарда Пайғамбарымыз тахажуд намазын ұйықтағаннан соң оқығаны келеді.»

Муфтий Мухаммад «Шарифул-Хақ Амджади» кітабы, 689-бетте жазады: «Тарауих намазының алдында ешкім ұйықтаған емес. Тахажуд және тарауық намаз бір намаз деп айту өте қате болады.»

материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: