23
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Тарауық намазы неше рәкәғат оқылады?

Тарауық намазы неше рәкәғат оқылады?

Ораза

Әлбетте, әһлу суннаның үлкен имамдары тарауық намазы 20 рәкәт оқылады деген пікірді ұстанып, көптеген еңбектер қалдырған.

Соған қарамастан арамыздағы мәзхаб ұстанбайтын бауырларымыз намаздың 8 рәкәт екенін дәлелдегілері келеді. Алдымен, бұл мәселені талқыламас бұрын, тарауық намазы не екенін түсінуіміз қажет.

Тарауық намазы – Рамазан айында құптан және үтір уәжіп намаздары арасында жамағатпен оқылатын намаз. Бұл намаз жамағатпен оқылады. Мауләна Жәмил Ахмад Сакрадуи «Ашрафул-Хидайя шарх ал-Хидайя» ( 2 том, 202 бет) атты еңбегінде бұл намазды түсіндіре келе айтады: «Тарауих намазы – бұл ер адамға да, әйел адамға дасүннет муаккад (бекітілген сүннет) болып саналады және бұл дұрыс пікір. Имам Әбу Ханифа да (рахимахуллаһ) тарауық намазын сүннет муаккад деп есептеген».

Барлық уақытта үммет тарауық намазын 20 рәкағат қылып оқығандығына дәлелдер:

Муфтий Абдуррахим Ладжпури «Фатауа Рахимийя» (2 том, 253 бет) атты еңбегінде тарауық намазы 20 рәкәт екендігін бүкіл үмметпен қабылдағандығына сенімді дәлелдер келтіреді:

Имам Тирмизи (хиджраның 279-шы жылы дүниеден өтті) : «Омар, Әли, Суфьян Саури және Имам Шафиғи – барлығы да тарауық намазын 20 рәкәт оқыған. Ол Имам Шафиғидің Мекке тұрғындарының тарауық намазын 20 рәкәт қылып оқығанын көргеніндігін айтады. (Тирмизи, 1 том, 99 бет).»

Әйгілі хадистер жинағы «Канзул-Уммал» (2 том, 284 бет): «Омар, Убай ибн Кағбқа тарауық намазын 20 рәкәт қылып оқуына бұйырғанын келтіреді.»

Саиб ибн Язид айтады: «Біз Омардың, Османның, Әлидің халифалық кезінде тарауиық намазын 20 рәкәт оқитынбыз.»

Язид ибн Руман басқа бір риуаятта имам Маликтің «Муатта» атты еңбегінде айтады: «Oмардың халифалық кезінде адамдар таруих намазын үтір намазымен бірге 23 рәкәт қылып оқитын.»

«Маарифату-с-Ситта» имам Байһақидан сенімді хабар келеді (1 том, 477бет; Сунан Кубра, 2 том, 496 бет): «Әли Рамазан айында Қурраны (Құранды жетік меңгергендер) шақырып 20 рәкәт тарауық намазын өткізуіне бұйрық береді. Сосын Әли үтір намазын өткізді.»

Мухаддис Ибн Қудама «Ал-Муғни» атты еңбегінде (1 том, 803 бет): «Сахабалар тарауық намазы 20 рәкәт оқылатына бір ауыздан келіскен.»

Мухаддис Ибн Хаджар Хайтамидің зерттеуі бойынша сахабалар тарауық намазын 20 рәк2т оқыған. (Тухфатуль-Ахьяр, 197 бет).

Әйгілі хадис ғалымы аллама Абдуль-Бирр (Миркат, 2 том, 174 бет): «Омар уақытында сахабалар тарауық намазын 20 рәкәт оқыған.»

Ибн Таймийя (Фатауа Ибн Таймийя, 1 том, 148 бет) жазады: «Убай ибн Кағб, Омар халифалық кезінде сахабалармен 20 рәкәт тарауықты басқарған.»
«Убай ибн Кағб Рамазан айында сахабалармен 20 рәкәт тарауық және 3 рәкәт үтір намазын оқығандықтан, көпшілік ғұламалар бұл амалды сүннет деп есептеген. Себебі оның артынан оқыған мухажирлер мен ансарлар ешқандай қарсылық білдірмеген1. (1 том, 191 бет)

материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


 

Бөлісу: