22
Жұма,
Қараша

һижри

Ауызашар кезінде Алладан көп тілек тілеудің маңызы

Ауызашар кезінде Алладан көп тілек тілеудің маңызы

Ораза

Ауызашар уақытында жасалған дұға Алла құзырында міндетті түрде қабыл болатындықтан адамның Жаратқанға жалбарынып көптеп дұға қылуы мұстахаб амал.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл турасында былай деген: «Үш адамның дұғасын Алла Тағала қайтармайды: ораза ұстаушының ауызашар кезіндегі дұғасын, әділ имамның немесе әділ билеушінің, жәбір көрген пенденің. Расында, Алла мен осы үшеуінің арасында ешқандай перде болмастан дұғаларын жедел түрде қабыл етеді» (Тирмизи).

Абдулла ибн Әмір ауызашар кезінде былай дейтін: «Раббым! Өзіңнің мейірімділігіңмен жалбарынып сұраймын! Сондай сенің рақымшылдығың барлық нәрседе кең болғандықтан менің жасаған күнәларымды кешіре гөр!»

Ескерту: Ораза ұстаушы пенде сәресі мен ауызашар уақытта тым ысырапшылдыққа бармай, тағамдардың түрін бірінің артынан бірін тықпаламай, көркем түрде асқазанын үш бөлікке бөлгені дұрыс. Себебі Алла Елшісінің (с.ғ.с) мынадай сөзі бар: «Адам баласына күш жинап, қуаттануы мен Аллаға итағат етуі үшін аз ғана тамақтануы жетерлік. Егер қажет болса, асқазанның үштен бірін тамаққа, тағы үштен бірін суға, қалған үштен бірін тыныс алуға қалдырсын» (Тирмизи, Ибн Мәжә).

материал «Ораза» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: