25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Рамазанда шаршадың, бірақ бақыттысың!

Рамазанда шаршадың, бірақ бақыттысың!

Ораза

Егер өміріңнің рухани, әлеуметтік пен физикалық жағын тең дәрежеде ұстап, Рамазанды тиімді түрде өткізуге бар күшіңді салып отырсаң, қазіргі уақытта аз болса да шаршағандық бар шығар?

Шын мәніне келсек, оразаны пайдалы өткізіп жатқаның үшін қуаныштысың. Оразада күні бойы ұйықтап, түнімен достарыңмен көңіл көтеріп, уақытыңды фильм көріп өткізіп жүргеніңді көз алдыңа бір елестетші. Сондай бақытты сезінер ме едің? Көңіл-күйіміздің көтеріңкі не қаншалықты төмен болуы Аллаһ Тағалаға жақындығымызға тікелей байланысты. Қанша жерден шаршап тұрсақ та Аллаға құлшылық жасасақ көңіліміз жай табады.

Керісінше, қанша жерден рахаттанып жүрген сияқты көрінсек те Алладан алыстаған сайын көңілімізді мұң басып алады. Сондықтан, осы күндері шаршап жүрсең де көңіліңді көтеріп, күлімсіреп жүр. Алладан осы жолдан тайдырмауын тіле!

материал «Кіршіксіз Рамазан үшін» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: