21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Рамазанның 15 күні, қалған аз күнге инвестиция құй!

Рамазанның 15 күні, қалған аз күнге инвестиция құй!

Ораза

Жақсылық жасауды кейінге қалдыру, шегіндіру сияқты ойдан қалай арылуға болады?

Тасвиф – «істі кейінге қалдыру» дегенді мағына беретін араб сөзі. Бұл шайтан малғұнның қарапайым әдісі. Ал шын мәнісінде бұл оның ең мықты сұмдық әрекеті. Жақсылық жасаудың «керемет уақыты» келгенде жасау керемет естілуі мүмкін, алайда сол «керемет уақыт» ешқашан келмейді! Жақсылық жасаудың ең керемет уақыты – қазір!

Есіңде болсын, Рамазанда жақсылық жасауға мүмкіндігің келіп, бірақ жасамағаның үшін ол күн қайтып келмейді және сен оны тек қана Ғарасат майданында ғана көре аласың. Ғарасат майданында өзіңнің Рамазандағы күндеріңді қалай көргің келеді. Жақсылыққа толы күндерді ме әлде жасалмай қалған жақсылықтарды ма?

Егер сен қасиетті айдың ортасына келген болсаң, онда істің насырға шабуына жол берме! Оның орнына ендігі қалған аз күнге инвестиция құй!

материал «Кіршіксіз Рамазан үшін» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: