03
Жұма,
Мамыр

һижри

Рамазанды дұрыс аяқтау үшін қандай іс қалды?

Рамазанды дұрыс аяқтау үшін қандай іс қалды?

Ораза

Рамазанды көңіл толарлықтай аяқтау үшін қандай іс қалды?

Ол туралы ойланудың да қажеті жоқ. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтып кеткендей, пітір садақасын беру! Мүмкін болса, садақаны, зекет қорларына емес, тікелей көмекке мұқтаж жандарға бергін. Ол оп-оңай. Бар болғаны мына үш нәрсені істеу керек:

Күріш немесе құрмадан үш килограм сатып ал. (Отбасыңдағы әр адам үшін бөлек есептеледі)

Айналаңдағылардан көмекке мұқтаж бір кісі не бір үйді тауып ал.

Жеткізіп бер! (Есігінің алдына құпия түрде қалдырып кетсең, тіпті жақсы)

(Ескертпе: Қазақстанның жағдайында мешіттерге апарып берсе де болады. Олар өз кезегінде мұқтаж жандарға үлестіреді. Қазақстанда пітір садақасы адам басына 535 теңге). Зекет қорлары арқылы мұны жасау әлдеқайда ыңғайлы әрі еш қиындық жоқ. Алайда, бетпе-бет беріп, өз қолыңмен жасаған әлдеқайда ерекше бір қуаныш әкеледі. Алла Тағала осы бір берекетке толы түндердегі амалдарыңды сауаптан жазсын!

материал «Кіршіксіз Рамазан үшін» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: