28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Өткен оразадан қарызы бар адамдар осы Рамазанда ораза ұстай ма?

Өткен оразадан қарызы бар адамдар осы Рамазанда ораза ұстай ма?

Ораза

Ханафи мәзхабы бойынша өткен оразадан қалған қарыз күндерді осы келе жатқан Рамазан айына дейін өтеу шарт емес.

Өйткені, Құран Кәрімде: «Кімде-кім сырқаттанса немесе жолға шықса (аузын ашуға рұқсат) басқа күндері қазасын өтесін»[1], – дей отырып, Алла Тағала оразаның қазасын өтеу уақытын шектемей, жалпылама айтып отыр.

Сондықтан да, өткен оразадан қарызы бар кісілер, Рамазан айы келісімен рамазан оразасын ұстап, ал өтеп үлгермеген қаза оразаларын Рамазаннан кейінгі күндерге қалдырады.

Осы тұрғыда, оразадан қалған қазаларды келесі оразаға дейін қалдырмай, сол жылы ішінде тездетіп өтеп отырған абзал[2]. Рамазанға дейін үлгермесеңіз, Рамазан айынан кейін жалғастыруға болады. 

Кейбіреулер «өткен оразалардың қазасын алдағы Рамазанның оразасымен қатар ниет етіп өтеуге бола ма?» деген де сауал жолдап жатады. Дінде бұндай нәрсе жоқ. Рамазан айында, тек Рамазан оразасы ұсталады. Қаза оразаны басқа күндері жеке өтеу керек.

 

[1] Құран Кәрім: «Бақара» сүресі, 185-аят.
[2] Ибн Нүжәйм: «әл-Бахрур Раиқ» – 2/499-бет.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: