21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Бұрынғы Рамазаннан әдейі бұзған оразаларым бар. Кәффәратын өтеуім керек пе?

Бұрынғы Рамазаннан әдейі бұзған оразаларым бар. Кәффәратын өтеуім керек пе?

Ораза

Ханафи ғалымдарының тоқтамы бойынша, бірнеше Рамазан айларындағы себепсіз бұзған оразалары үшін бір кәффәрат өтесе жеткілікті.

Бұл жайында Ханафи ғалымы Имам Шүрунбүләли былай деп айтады:

«Ораза күндерінде орын алған төсек жақындығы үшін және бірнеше рет әдейі ішіп-жегені үшін, бір рет кәффарат өтесе жеткілікті, егер арасында кәффарат кірмеген болса. Тіпті, екі Рамазан айында орын алған болса да (бір кәффарат жеткілікті). Дұрысы осы»[1].

Бірақ кәффәрат өтеп болғаннан соң, қайта оразасын себепсіз әдейі бұзса, ол үшін бөлек кәффәрат өтеуі тиіс, алдыңғы өтеген кәффәраты кейінгісіне жүрмейді.

[1] Имам Шүрүнбүләлі: Имдәт. 652 бет.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: