Әтір, иіссуларды пайдалану, олардың хош иісін иіскеу Ханафи мәзһабы бойынша оразаны бұзбайды және оразаға ешқандай жағымсыз әсер етпейді.
Сонымен қатар хош иісті өсімдіктер иісін, мысалы, раушангүл мен раушан майын иіскегенде ораза бұзылмайды. Сондай-ақ, душ қабылдау, шомылу немесе жүзу оразаны бұзбайды. Себебі ораза ұстаған адамға суға түсуге тыйым салынбаған. Бірақ суға түскен адам аузын шайған кезде су жұтып қоймауы шарт. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ораза ұстап жүрген кезде суға түсіп, ғұсыл алғаны туралы деректер бар.
материал «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан алынды,
ummet.kz