11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Сәресіні ерте ішіп қоюға бола ма?

Ораза

Сұрақ: Бірде сәресіні тым ерте жеп ауыз бекіттім. Біраз уақыттан соң шөлдей бастадым. Таң атқанға дейін уақыт болғанына қарамастан оразамды бұзып аламын ба деп су ішпедім. Біреулер «су ішсең болар еді» деді. Осы жағдайда не істеу керек еді?  

Кей кезде байқаусызда сәресіні тым ерте жеп, таң атудан бір, не болмаса екі сағат бұрын ауыз бекітіп қоятын жағдай болады. Кейде біреулер ұйқылы көзбен сағатты шатастырып сәресіні апыр-топыр жеп, тоймай қалады. Ұйқысын ашып мұқият қараса, уақыт әлі ерте. Сәресіні қайта жейін десе, оразаны ниеттеніп, ауыз бекітіп қойды. Жемейін десе, таң атуға дейін біраз уақыт бар әрі сәресіге де тоймай қалды. Көп адам мұндай жағдайда: «Не істесем екен?» - деп, ойланып қалады. Бұл жағдайда білместен аузын ерте бекітіп қойған адам, таң атып кетпеуін қадағалап, сәресіні қайта ішіп, қуаттанып алса болады. Себебі:  «Алла Тағала үшiн әлсiз мүминнен гөрi қуатты мүмин артық әрі ұнамды».[1]  

[1] хадисті Әбу Һурайрадан (родиял-лаһу ъанһу) Имам Муслим риуаят етті. (Сахиху Муслим)

материал «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: