21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Аузымды бір-екі минутқа кеш жаптым, оразам есептеле ме?

Аузымды бір-екі минутқа кеш жаптым, оразам есептеле ме?

Ораза

Аузымды бір-екі минутқа кеш жаптым, оразам есептеле ме?

Бір-екі минут кеш жапқанға ораза бұзылмас. Оразаңыз есептеледі, қазасын өтеудің қажеті жоқ. Дегенмен, алдағы уақыттарда ұқыптылық танытып, бір-екі минут бұрын қамдана берген жөн болмақ.

«Бір-екі минутқа ораза бұзылмас» деуімнің себебі, Әбу Дәуідте келтірілген бір риуаятта Алла елшісінің былай дегендігі айтылады: «Сендерден кімде-кім азан шақырғанда қолында ыдысы болса (асы болса), ондағы астан керегін жемейінше жерге қоймасын»[1]. Яғни, сәресіні ішіп жатқан сәтте азан айтылса, ішіп жатқан асын аяқтай беруіне болады деген сөз. Сол арада бір-екі минут өтері анық. Әйтсе де, аталмыш хадисті «сәресі уақыты толық шықпаған сәтке қатысты» деп түсіндіреді хадисшілер. Өйткені, басқа риуаятта "таң намазы кірісімен ішіп-жеуді тоқтату керектігі айтылған"[2]. Сондықтан да, келесіде ықтиятты болған дұрыс. Қағида бойынша, уақыт кірген бетте ішіп-жеуді тоқтату керек. 

[1] Әбу дәуід: Сүнән. Сахих хадис. 
[2] Имам Бәйһақи. Сүнән: «Таң уақыты – екі таңнан тұрады. Біріншісінде – ішіп-жеу халал, таң намазын оқу харам. Екіншісінде – ішіп-жеу харам, намаз оқу халал».

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: