Ибн Аббас (Алла әкесі екеуіне разы болсын):
Алла елшісі адамдардың ең жомарты еді, ал Рамазанда Жәбірейілмен (аләйһис-сәләм) кездескенде аса жомарт болып кететін. Рамазан кезінде Жәбірейіл оған Құран үйретіп, әр түні кездесетін және (бұл күндері) Алла елшісі (с.ғ.с) игілік пен жомарттық жасауда еркiн ескен желден де жылдам еді», - деген. (Бухари, Муслим)
Шарх Имам Айни бұл хадистің шархында осы хадистен алынатын бірнеше пайдаларды атап кетеді:
«Бірінші: Әр адам әрқашан жомарт болу керек, жақсылыққа ұмтылу керек, әсіресе, Рамазан айында.
Екінші: Бұл айда ізгі жандарға, салиқалы адамдарға көбірек бару, олармен мәжіліс құру, сондай игі мәжілістерді көбірек қайталауға тырысу.
Үшінші: Рамазан айында көбірек Құран оқу.
Төртінші: Құран және тағы да басқа шариғат ілімдерін оқу.
Бесінші: Құран оқу – тасбих оқу, зікір айтудан абзал. Себебі, зікір Құраннан абзал болғанда не онымен бірдей болғанда, Алла елшісі (с.ғ.с) оны көбірек жасаушы еді.
Кедейлер мен мұқтаждарға қамқор болу. Қазіргі уақытта байланыс құралдарының дамуына байланысты мұқтаж жандарға көмектесу өте оңай, сондықтан, мұсылмандар осыны пайдаланып қалуға тырысуы керек.
Ерлі-зайыптылар бір-бірін сүйсе ештеңе етпейді, егер шәуеттің шықпауына және жыныстық қатынасқа түспеуіне сенімділік болса. (Қр. «Табийн әл-Хакаик», 2/171)
Тапсырма: Рамазанның соңына дейін бір сүре не Құранның бір бетін жаттап шығыңыз.
материал «Мүбәрак 30 күн» кітабынан алынды,
ummet.kz