Аузы берік адам дәретте болсын, ғұсылда болсын ауызды шайқайтын кезде тамақты шаймайды. Сондай-ақ, мұрынға су алғанда да оны шамадан тыс қатты тартпағаны дұрыс[1].
Өйткені, ішке су кетіп қалу қауіпі басым.
Бұл жайында Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Дәретте мұрынға суды қаттырақ тартыңдар. Бірақ оразада олай істемеңдер (қатты тартпаңдар)»[2].
[1] Әл-Кәсәни: Бадаиъу – 1/210 бет.
[2] Имам Ахмад: Мүснәд - №16035 хадис.; Әбу Дәуід; Тирмизи т.б.
материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,
ummet.kz