Ауызды бекітіп жатқан адам сәресін таң намазының уақыты кіргенге дейін ішу керек[1].
Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Және таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле) айрылғанға дейін ішіңдер, жеңдер де соңсоң оразаны кешке (күн батқанға) дейін толық орындаңдар»[2].
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ибн Умму Мәктум азан айтқанша ішіңдер, жеңдер. Ол таң атпайынша азан айтпайды», – дейді.
Сондықтан сәресін күн шыққанша емес, таң намазының уақыты кіргенге дейін ішу керек.
[1] Асғад Мухаммад Сағид әс-Сағуржи, «әс-Сәум», 25.
[2] «Бақара» сүресі, 187-аят.
материал «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан алынды,
ummet.kz