Меню

22
Сенбі,
Наурыз
21
Рамазан
1446 һижри

Қадір түніне қалай дайындалу керек?

Қадір түніне қалай дайындалу керек?

Ораза

Қадір түніне дайындық қалай болмақ керек?

1. Дайындық таң намазынан бастаған абзал. Таң намазын оқып болған соң, хадисте айтылғандай: «Кімде-кім: «Лә иләһә иллә Аллаһу, уәхдаһу лә шәрикә ләһ, ләһул мулку, уә ләһул хамду, уә һуә ъалә кулли шайин Қадир», осы сөздерді күніне жүз рет айтқан адам он адамды құлдықтан азат еткен сауабына тең құлшылық. Оған жүз сауап жазылып, жүз күнәсі кешіріледі. Кеш батқанша бұл сөздер адамға шайтаннан қорған болады. Бұдан да қайырлы адам істепуші тек осы сөздерді еселеп айтумен ғана асып түсе алады»,-делінген (Бұхари).

2. Кешке бір адамға болса да ауызашар беруге әрекет жаса. Мұның сауабы жайлы хадисте: «Кімде-кім ораза тұтқанға ауыз аштырса, оның сауабы ораза тұтушынікіндей болады. Бірақ, бұдан ораза тұтушының сауабы кемімейді» (Ибн Хиббан).

3. Қадір түні садақа беріңіз. Көп мөлшерде садақа жасау шарт емес, ең басты шарт шын ниетпен берілген болуы тиіс.

«Кімде-кім құрма мөлшерінше, адал кәсібінен садақа берсе, әрине, Алла – пәк және пәкті ғана қабыл етеді. Анығында, ол садақаны Алла қабыл етіп, иесіне өсіріп, көбейтіп береді. Сендер құлынды өсіріп, таудай тұлпар еткендерің сияқты», – деген (Бұхари).

4. Күн батқаннан бастап парыздан бөлек әрбір сүннет пен мұстахап амалға ерекше ден қойып, ықыласпен орындаңыз.

Ақшам намазына азан даусын естігенде, әрбір сөзді азаншының артынан қайталап, азан батасынан кейін қол жайып тілек тілеңіз. Ауыз ашқаннан кейін ерекше құлшылыспен парыз намазды оқыңыз. Мұнан кейін таңғы уақытта айтқан зікірді қайталаңыз.

5. Қолыңыз қалт ете қалса Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Айша (р.а.) анамызға үйреткен: «Аллаһуммә иннәкә ъафуун тухиббул ъафуә фаъфу ъанни» дұғасын қайталап отырыңыз;

6. Ата-анаңыз жаныңызда болса, сый-сияпат жасап батасын алыңыз. Алыста болса хабарласып, тілегін алыңыз.

7. Ақшам намазына мешітке барып, жамағатпен оқыңыз.

8. Мешітке барар жолда және кері қайтқанда дұға жасаумен болыңыз. Соның ішінде истиғфар дұғасының төресі боп саналған кешірім дұғасын ұмытпаңыз.

«Аллаһуммә әнтә Робби, лә иләһә иллә Әнтә, холәқтәни уә әнә ъабдук, уә әнә ъәлә ъәһдикә уә уәъдикә мәстәтоътук, әъәзә бикә мин шәрри мә санаътук, әбуу ләкә биниъмәтикә ъәләиә, уә әбуу бизәнби, фағфирли иннәһу лә яғфируз зунубә иллә Әнтә» Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кімде-кім осы дұғаны айтып сол күні немесе түнде қайтыс болса, жәннаттық болады», – деген (Бұхари).

9.Рамазан айы бойына әсіресе Қадір түнінде қолыңызға Құран алып асықпай, байыппен оқыңыз. Ибн Аббас (р.а.): «Нақышын келтіріп бір сүре оқуым маған Құранды толығымен оқығаннан әлде қайда ұнамды», – деген екен.

материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz