Ауыз ашқаннан кейін, Пайғамбарымыздан (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) жеткен осы дұғаны айту мұстахаб:
«Шөл қанды, тамырлар нәрге толды, енді Алла қаласа осы үшін сауап алатын боламыз».
Басқа хадисте келгендей, ауызашарда мына дұғаны айтқаны жөн:
«Раббым, сен үшін ораза тұттым. Сенің берген ризығыңа ауыз ашып отырмын».
Тағы бір хадисте: «Маған жәрдемші болған, әрі ауызашарыма ризықты нәсіп еткен Аллаға шүкір болсын!»
материал «Оразаның мақсаттары» кітабынан алынды,
ummet.kz