Құдси хадисте Алла Тағала:
«Мен ауыздарын ашуға асыққан құлдарымды көбірек жақсы көремін»,- дейді.
Басқа хадисте Ардақты Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): "Адамдар ауыз ашуға асыққанша дейін, дің айқын болады. Өйткені яһудилер мен християндар ауызашарды кешіктіреді».
Амр ибн Маймун ғалымның бір сөзінде: «Мұхамед Пайғамбардың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) сахабалары ауызашарға асығып, сәресін жабуды кешіктіретін».
Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) оразадан бөлек, көптеген ғибадаттарды сергек орындау үшін, сәресін ішуден күш-қуат алып оны кешіктіретін болған. Алла елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) сәресін жабуы мен таң намазы арасындағы ұзақтығы елу аят көлемінде болған.
Ал, ауыз ашуға асыққандағының мақсаты, аштық пен шөл нәпсіге ауыртпашылық көрсетіп, адамды әлсіретіп жіберуден сақтану. Сондықтан адам өзін-өзі одан әрі қинаудың қажеттілігі жоқ. Тіпті кезінде дана ғалымдар ауыздарын бірінші ашуға асығатын. Оның мәнін сұрағанда, олар Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) мына сөзін дәйекке келтіретін болған: «Бай адамның біреуге қарызын кешіктіруі зұлымдық».
Яғни, байдың ақшасы бар бола, қарызын әдейі кешіктіріп бермеуі зұлымдық жасау болса, ауызашар уақытында тамақ бола тұра ауыз ашпай кешіктіру ол адамның өзіне зұлымдық көрсету болып есептеледі.
материал «Оразаның мақсаттары» кітабынан алынды,
ummet.kz