03
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Аузы берік адамның құсуы оразаны бұза ма?

Аузы берік адамның құсуы оразаны бұза ма?

Ораза

«Ихтияр» атты кітапта былай айтылған: «Егер аузын толтырып құсса, Оған қатысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

«Еріксіз құсық келген кісі (оразасын) қазасын өтемейді. Ал, әдейі құсқан болса (сол күнгі оразаның) қазасын өтесін»[1], – деген. Бұл хадис Икримадан марфуғ[2] әрі мауқуф[3] жолмен бірдей жеткен. (Дегенмен) Имам Мухаммад пен Зуфардың[4] көзқарасында «құсық – ауыз тола болмаса да оразаны бұзады» дейді. Захир риуаятта[5] екеуінің арасы[6] бөлінбеген. Алайда, дұрысы – арасының бөлінгені. Әбу Ханифаның бұл сөзін Хасан жеткізген. Себебі ауызды толтырып құспаған болса, ондағы шыққан нәрсе кекіргеніндегі түкіріктің үкіміндей. Ал, ол болса, ауызды толтырмайды»[7].

Тоқетері: Ауыз толтырып құсу адамның қалауынсыз болса әрі оны қайта кері жұтпаған болса, онда оразасы бұзылмайды. Кері жағдайда бір күн оразасының қазасын өтейді. Ең дұрысын Алла біледі.

[1] Әбу Дауд, Ибн Мажа, Тирмизи, Нәсаи, Ибн Хиббан
[2] Тізбегі Пайғамбарға (с.ғ.с) дейін көтерілген хадис
[3] Тізбегі сахабаға келіп тірелген хадис.
[4] Әбу Ханифаның ғалым шәкірттері
[5] Имам Мухаммадтың Имам Әбу Ханифадан жеткізіп, алты кітабының біріне енгізген риуаяттары
[6] Ауыз тола құсу мен толмай құсу
[7] Ихтияр фи тағлил әл-Мухтар

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: