Оразада аузы берік кезде ауыз қуысындағы жағымсыз иісті кетіретін спрей қолдану мәкруһ болады.
Бұл дегеніміз, аса қажетті кездерде болмаса, жайшылықта оразада қолданбаған абзал дегенді білдірмек. Өйткені, ауызға шашылған заттың жұтылып кету қауіпі басым, шашылған зат жұтылса оразаны бұзады, бір күн қазасын өтеу керек болады. Сондықтан да, маңызды кездесулерге барғанда немесе маңызды келіссөздерге барғанда аузындағы жағымсыз иістен ыңғайсызданған мұсылман аз мөлшерде ғана сеуіп, бірақ жұтпай түкіріп тастаса, оразасы бұзылмайды дейтін дін мамандары бар. Дегенмен, себілген заттың жұтылып кету қауіпі басым болғандықтан мүмкіндігінше қолданбағаны абзалырақ. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!
материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,
ummet.kz