16
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Аузы берік кісі насыбай атып, темекі шексе не болады?

Аузы берік кісі насыбай атып, темекі шексе не болады?

Ораза

Насыбай атудың үкімі – мәкруһ (харамға жақын). Сондықтан, оразада насыбай ату күнә болмақ. Оразаның сауабын кемітеді.

Одан бөлек, насыбайды атқан жағдайда бәрібір қалдықтары ішке кететіні белгілі. Әдейі аузына салғаны үшін, кішкене көлемде болса да ішке кетсе, оразаны бұзады.

Оразаны қазақ халқы «ауыз бекіту» деп атаған. Ендеше, ораза ұстаған адам насыбайдан да аузын берік ұстауы ләзім. Нәпсі қалауынан тыйылғанда ғана ұстаған оразамыздың мәні болмақ.

Осы тұрғыда, Пайғамбарымыздың мына бір хадисін естен шығармаған жөн: «Кімде-кім оразада жаман сөзден, жаман-надандық істерден тыйылмаса, Алла Тағала оның құр ішіп-жеуден тыйылуына мұқтаж емес»[1].

Күндіз темекі шегу оразаны бұзады. Тіпті аузы ораза екенін біле тұра темекі шеккен жағдайда кәффарат өтеуі керек болады. Ауыз ашқан соң темекі тарту оразаны бұзбайды. Алайда, оразасының сауабын кемітеді. Сол секілді насыбай ату да оразаны бұзады.


[1] «Сахих Бұхари». №1804 хадис.

 

материал «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: