07
Сенбі,
Наурыз

һижри

Сенің идеал Рамазан күнің қайсы?

Сенің идеал Рамазан күнің қайсы?

Ораза

Қасиетті Рамазан айының соңғы он күні де жақындап қалды. Мүмкін болғанша бар күш-жігеріміз бен қайратымызды соңғы он күннің әр сәтіне арнау үшін жұмылдыратын кез келді.

Егер де біз өміріміздің бар мақсатын және барар жеріміз Жәннатты ойласақ, онда бұл сұраққа жауап беру қиын болмайды: Соңғы он күннің күндізгі жұмысынан бас тарт, сонда түні бойы ғибадат етуге болады. Бірақ, бұлай жасауға әркімнің мүмкіндігі бола бермейді. Ендеше, басқаша не істеуге болады екен? Мына ақыл-кеңестерге құлақ ас:

Жұмыс пен құлшылық арасындағы тепе-теңдікті сақтау мақсатында уақытыңды ретімен пайдалан.

Күніңнің әр бір сағатын жоспарлап, қай уақытты жұмыста, қай кезді мешітте өткізетініңді және арасындағы уақытта өз күш-қуатыңды қалай арттыруға болатынын қарастыр. (Мысалы: тынығу, жеңіл тамақпен ауыз ашу).

Күн тәртібін ұқыпты орында және бір минутың да бос кетпейтін болсын. Әйтпесе, бұл сенің қалған күніңе әсер етуі мүмкін. Уақытыңды бекер өткізіп алма, керісінше өзіңді «жоғары дайындық» деңгейінде ұста.

«Қадір түні соңғы он күннің қай күніне келетінін білгенімде, сол түнді қалай өткізер едім?» деп өз-өзіңе сұрақ қой. Сосын дәл сол ерекше түнді қатарынан он түн бойы немесе әр бір тақ түндері күт және соған лайық амал ет.

Оразаның соңғы 10 түнінің және Қадыр түнінің ең жоғарғы сауабын іштеріңдегі ең өнімді әрекет еткендеріңе болсын!

материал «Кіршіксіз Рамазан үшін» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: