19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

3. Хайыз-нифас кезіндегі ораза

Ораза

Сұрақ: Хайыз-нифас мезгілінде әйел кісі ораза ұстауына бола ма?

Жауап: Мұндай жағдайда әйел баласы ораза ұстауына қатаң түрде тыйым салынған. Ол, бір шетінен, ауыр күнә, екінші жағынан, ондай ораза есепке алынбайды.

Айша анамыз (Алла оған разы болсын) былай деген:

كنّا نحيض على عهد رسول الله صلى الله عليه وسلم فنؤمر بقضاء الصوم ولا نؤمر بقضاء الصلاة

«Біз етеккір көрген кезімізде Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бізге оразасын қазасын өтеуді бұйырып, намаздың қазасын өтеуді талап етпейтін». (Бухари, Муслим)

Осы хадис негізінде әйел кісі хайыз-нифас уақытында ораза ұстамайды, намаз оқымайды әрі етеккірден тазарғаннан соң тек оразаның қазасын өтейді. Намаздың қазасы шарт емес.

Мұның мәнісі: етеккір күндері көбейген сайын, қаза намаздың да саны көбееді. Ал, нифас кезінде бұл мөлшер үстемелене түседі. Дегенмен, шариғат әйелге осы күндерге тиесілі намаздың қазасын өтеуді міндеттемейді. Міне, осыны Хақ Тағаланың әйелзатқа болған мейірімі ретінде қабылдаған жөн!

 

Абдуссамад Махат, «Рамазан оразасы – сұрақ және жауап»

Бөлісу: