28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Ораза ұстаған адам жаман сөз айтпасын

Ораза

«Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) екі қайтара: «Ораза – қалқан. Ораза ұстаған адам жаман сөз айтпасын және жаман қылық істемесін.[1] Біреу оны балағаттаса немесе онымен жанжалдасса, ол: «Мен оразамын»,-десін»,-деді де, кейін: «Жаным билігінде болған Хақ Тағаламен ант етем! Жаратушы Иенің назарында оразашының аузының иісі мисктің иісінен абзал.

Алла Тағала айтады: «Пендем Менің разылығым үшін ораза ұстау себебінен тамақ ішу мен сусын ішуден әрі шәһуетінен[2] тыйылады. Мен оразаның есесін беремін.[3] Сонымен қатар, әрбір игі іс үшін он есе артық сауап беріледі»,-деді».[4]

Хадисті Әбу Һурайрадан (родиял-лаһу ғанһу) Имам Бухари риуаят етті.[5]

 



[1] мысалы, айқай-шу шығару, ұятсыз қылық, біреуді кемсіту т.с.с. («Сахихүл-Бухари»)

[2] яғни, нәпсі қалауынан. Мысалы: тәуліктің күндізгі бөлігінде зайыбымен жақындасудан. («Сахихүл-Бухари»)

[3] яғни, есепсіз, Хақ Тағаланың жомарттығына сай. («Сахихүл-Бухари»)

[4] Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) бір сөзінде былай деген: «Адам (ғ.с.) баласының барлық амалының сауабы оннан жеті жүз есеге дейін артық беріледі. Аллаһ Тағала: «Оразадан тыс. Өйткені ораза Мен үшін. Мен оразаның есесін беремін»,-дейді». («Сахиху Муслим»)

[5]«Риядус-Солихин», «Зиядатүл-Жәмиъис-Сағир», «Сахихүл-Бухари», «Фатхүл-Бари» шарху «Сахихил-Бухари», «Кәшфүл-Хафа» және «Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

Бөлісу: