12
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Садақа бер де, сауап ал

Садақа бер де, сауап ал

Зекет

Аса Рақымды Мейрімді Алланың атымен бастаймын.

Күллі мадақ пен мақтаулар Ұлы Раббымыз Аллаға ғана тән. Адамзаттың ұлы ұстазы әз Пайғамбарымызға сәлем жолдап, сансыз салауат айтамыз. Сондай-ақ Алла елшісінің пәк отбасф мен ардақты сахабаларына Жаратқанның жақсылығын тілейміз.

Садақа – қайырымдылық істердің бастауы. Бұл жақсылықты жасай отырып, біз Алладан еселенген сауаптар аламыз. Пайғамбарымыз, Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын: «Садақа – мал дүниені кемітпейді, керісінше оны молайтады», - деген. Садақа – қолында азын-аулақ ақша болса да, беру беруге болатын абзал іс.

Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Малдарыңызды зекетпен қорғаңыздар, ауру сырқаттарыңызды садақа беріп емдеңіздер, басыңызға келген бәлекеттерге де Алладан жалбаранып дұға етіп, көмек сұраңыздар» - деді.

Ислам дінімізде әр іс-қимылдың әр ғибадаттың Құран мен немесе Хадиспен бекітілген әдебі бар. Дәл солай садақаның да әдебі бар.

Әр ғибадат пен іс-қимылдың басында ықылас ниет болуы тиіс. Жүрекпен жасалатын амалдардың ең әуелгі – ықылас. Амалдардың қабыл болуыне қайтарылуы да тікелей ықыласқа байланысты. Ықылас пен ниет бірінші орында тұруы керек. Мұсылмандар әрдайым әр ғибадаттарды ықылас ниетпен бастайды. Бұл амалдарды атқара алдында Алланың разылығын қалап, сауабынан үміттенуі керек. Ықылас болмаған жерде амалдар да жойылды.

Мұсылман адамның жүрегі ықыласқа толы болған жағдайда, ол көптеген сауапқа қол жеткізеді.  Садақа берген кезде садақаны мұқтаждарға беру керек. Садақаны мұқтаж, міскін, жағдайы жоқ, жетім-жесірлер және қарызға батқандар жатады.  Садақаны берушінің тағыда бір әдебі: садақаны адал түскен қаржыдан беру. Адам ұрланған, беруден тартып алынған, әрі өзіне тиесілі емес дүниені садақаға беру – сауап емес, күнә арқалауы мүмкін.

Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала тек таза, пәк нәрселерді қабыл етеді» - деді. Адал садақа мұсылманды тазартады. Адал емес садақа пайда бермейді.

Жақсы көрген нәрсенін садақа қылу. Адам баласы өзіне ұнамды, жақсы көрген нәрсесін садақа қылу арқылы сауабын арттыра алады. Садақа тек дүниемен не ақшамен жасалатын ғибадат емес. Қайырымды сөз де садақа саналады.

Садақаны  берген кезде оны мүмкіндігінше жасыру. Бұған садақаға дейінгі ниеті, садақа берудегі амалы және берген соң айтпауы жатады. Садақаны жасыру ықыластың дұрысталуын қамтамасыз етеді.

Құранда: «Егер садаұаларды ашық түрде берсеңдер жақсы. Ал егер (бергендеріңізді) жасырыңдар әрі оны кедейлерге берсеңдер, ол өздерін үшін қайырлы, Ол сендердің жаман істеріңді өшіреді...» - деп айтылды. Садақа адал болып, рия болмауы керек. Хадисте жеті түрлі адам Алланың көлеңкесінде болады екен. Солардың біреуі оң қолмен садақа бергенде оны сол қолы білмегені.

Садақа берер кезде тек қана Алланың разылығын көздеу, яғни ықыласты дұрыстау, сондай-ақ, садақа берген үшін міндетсінбеу, мүмкіндігінше мұқтаждарға беру және берген соң қайта алмау – садақа берудің әдептері. Садақаны қолы ашық, нәпсісі тізгінделуі адам жасайды.

Әр хайырлысы ісітің екі дүниенің де пайдалары бар. Садақа берудің осы дүниедегі көптеген пайдалары бар, олар:

Мұқтаждарды куанышқа бөлейді;

Ауру мен келер апаттан қорғайды;

Ризықты арттырылып, табысқа жетелейді;

Мал-дүниелерді тазартып, байлығыңызды еселейді;

Күнәларды жояды.

Садақа берудің ақыреттегі пайдалары:

Дүниесінің есебін беру жеңіл өтеді;

Тозақтан құтқарады;

Садақа қабір азабынан сақтайды;

Таразыда сауабы көбірек болады;

«Қыл көпірден» өту оңайрақ болады

Пайғамбарымыз (оған Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын):  «Садақа Алланың азабын сөндіреді және қайғылы қазадан қорғайды» - деп ескерткен болатын. Ендеше, сауабы мол бұл ғибадатты көркем әдеппен жүзеге асырайық!

 

Әйгерім Қайратқызы,

«Нұр Астана» мешітінің ұстазы


Бөлісу: