11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қарыздың зекеті калай беріледі?

Қарыздың зекеті калай беріледі?

Зекет

Ханафи мәзhабында басқаға берген қарыздың зекетінің үкімі төмендегідей екіге бөлінеді:

1. Қайтарылу мүмкіндігі жоғары қарыз. Мысалы, алған қарызын қайтаратын сенімді, дәулетті адамға берілген қарыз. Қарызы колына тиісімен сол байлығынан, бұрынғы жылдарының зекетін береді.

Дүние-мүлкі өз меншігінде болғанымен әлі қолына тимеген (қарызга берілген) дүниесін қалауынша пай- далана алмайды. Дуние-мүлкі қолынa тиісімен зекеті беріледі. Зекеті берілмеген бүкіл жылдарының зекетін беріп, малын тазартады.

2. Қайтарылу мүмкіндігі аз қарыз. Мысалы, түгі жок кедей, алған қарызын қайтарудан бас тартатын немесе уақытында бермей, әдейі кешіктіретін адамдардың қолындағы қарызы.

Қарыздың бұл түрі және мал-мүліктің жоғалып кетуі сияқты жағдайда зекет парыз емес. Өйткені иелігінде болғанымен, толық пайдалана алмағандықтан қашан мал-мүлкі қолына тисе, толық бip жыл өткеннен кейін зекетін береді.

Ханафи ғұламалары басқадан қайтатын қарызды үш түрге бөлген:

а) Бекітілген парыз: біреуден ақшалай немесе сауда тауарының қарымы ретінде  қайтатын  парыз.  Бұл қарыздың 1/5 (бестен 6ip) бөлігін қайтарып алса, зекеті берілмеген өткен жылдардың зекетін толық беруге міндетті. Ал 1/5 бөлігінен азы қайтарылса, өткен жылдардағы зекетінің қарызын беруге міндетті емес.

ә) Қалыпты қарыз: жалға берілген үйдің ақысы. Бұл қарыздан 200 дирхам, яғни нисап мөлшеріндей үйдің

ақысын алса, мұндай жағдайда зекеті берілмеген өткен жылдардың зекетін толық беруге міндетті.

б) Бекітілмеген қарыз:  мәhip  немесе  адамның құны сияқты қарыздардың зекеті берілмейді. Қарызды алғаннан кейін, eгep зекетке қатысты шарттары толық болган жағдайда зекеті беріледі.

Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммедтің көзқарасында адам құнынан басқасының барлығы қуатты қарыздарға жатады. Қарызын қайтарып алғаннан кейін, нисапқа жетіп бip жыл толық өтсе, зекеті беріледі.

Берген қарызын кешірсе, байлығының зекеті ретінде санала ма?

Бай адам кедейге бірнеше уақыт бұрын берген қарызын «саған қарызга берген дүнием, мал-мүлкімнің зекеті» деп есептеп, қарызын кешірер болса, бұл туралы екі түрлі көзқарас бар:

а) Берген зекеті дұрыс болмайды. Қарызы қолына табыс етілуі шарт деген.

ә) Кедей-кепшіктің қажетіне жарағаны үшін дұрыс деген көзқарас та бар. Өйткені кедейге берген қарызын қайтарып алып, зекетім деп қайта бермей-ақ, зекет малы екенін білдірсе болғаны.

Eгep кедей: «Зекетіңді маған 6ep, мен сенің қарызыңды өтеймін»,  десе,  байдың  зекетін  алған соң, қаласа қарызын қайтарады, қаласа басқа қажетіне жұмсайды. Ал бай өзіне парыз болған зекетін өтеген болады.

Материал «Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды.

Ummet.kz

Бөлісу: