Байлар; пітір садақасын беруге міндетті болған кісінің әйелі; әке-шешесі, ата-әжесі және одан жоғарғы тектері; балалары мен немерелері, шөберелері және одан төменгі ұрпақтары; бағып отырған жақын туыстары.
Бір пітір садақаны бір немесе бірнеше кедейгке бөліп беруге болады. Алайда, бірнеше кедейге бөліп беру мәкрүһ. Өйткені, бір пітір садақасы бірнеше кедейдің мұң-мұқтаждықтарын өтей алмайды. Пітір садақадағы мақсат – кедейлердің мұң-мұқтаждықтарын өтеу. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Осындай күнде кембағалдарды садақа сұрауға мұқтаж етпеңдер» деген.
материал «Ораза – теңдессіз құлшылық» кітабынан алынды,
ummet.kz