Меню

27
Жексенбі,
Сәуір
29
Шәууәл
1446 һижри

Зекет берушінің бақыты

Зекет берушінің бақыты

Зекет

Жәннат есігінің алдында төрт кісі тұр екен. Олардан жәннатқа кім бірінші кіруге лайық екенін анықтау керек болыпты.

Олардың бірі – мұсылманның бес парызын түгел өтеген кісі, екіншісі – шейіт, үшіншісі – ғалым, төртіншісі – зекет берген кісі екен.

Әуелі, бес парызды өтеушіден:

– Саған жаннатқа лайық амалдарды жасау керек екенін кім айтты? – деп сұрапты.

– Маған Исламның барлық бес парызын – иман келтіру, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру және қажылықты орындау арқылы жәннатқа баратынымды ғалым айтты, – депті ол.

– Маған да Алла Тағала Құран арқылы түсірген хақ дін – Исламның жолында соғысқа шығып, сонда өліп кетсем, жәннатқа баратынымды айтқан ғалым, – депті шейіт.

Сонда ғалымнан:

– Сен мұның бәрін қайдан білдің? – деп сұрапты.

– Мен алыс елге барып оқып, іздендім. Ал менің оқып, білім алуыма, ізденуіме жағдай жасаған, қаржыландырған зекет беруші, – депті ғалым.

Содан бәрінен де зекет берушінің еңбегі артық жоғарғы дәрежеге бағаланып, Жәннатқа бірінші кіруге лайық деп табылыпты.

материал «Зекет» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: