21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Пітір садақаны ораза айт біткеннен кейін де беруге бола ма?

Пітір садақаны ораза айт біткеннен кейін де беруге бола ма?

Зекет

Пітір садақа беру – ораза айт күні таң намазының уақыты кіргенде міндет болады.

Сол күні кешке дейін беріп үлгеру керек. Немесе Ораза айтқа дейін, Рамазан ішінде берсе де саналады. Дәл айт күні беру шарт емес. Мысалы, оразаның соңғы он күнінде, қадір түнінде т.б.

Ендігі жерде, пітірді уақытында беруге үлгере алмаған кісі не істейді? Сол күйінше бермейді ме, әлде беруі тиіс пе?

Ханафи ғалымдарының көпшілігі: үлгермеген кісі пітір садақасын ораза айттан кейін де бере береді деген. Әсіресе, қалталы мұсылман пітірін беруді ұмытып кетсе немесе бір себептермен уақтылы беруге үлгермесе, ораза айт өткеннен кейін де беруі тиіс.

Бұған байланысты Имам Сәрахси былай деген (Алла оны рахымына бөлесін): «Бір кісі пітір садақасын бермеген болса, онысын беруі керек, қанша көп уақыт өтсе де...».

«Өйткені бұл садақа – мал-дүние түрінде берілетін садақа. Сондықтан, міндет болғаннан кейін, тек өтегенде ғана (міндеттілігі) мойнынан түспек» [1].

 

[1] Имам Сәрахси: «әл-Мәбсут». 3/110 бет; Бәдруддин әл-Айни: «әл-Биная». 5/505 бет.

материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: