16
Сәрсенбі,
Қазан

һижри

Зекет бермеуші мұсылманның жазасы

Зекет бермеуші мұсылманның жазасы

Зекет

Дүниедегі жазасы:

Әбу Бәкір, Алла Тағала оған разы болсын, халифа болған заманда көптеген мұсылмандар өздеріне Раббылары парыз еткен міндеттерден намазды мойындап, зекет малын төлеуден бас тартады. Сонда Әбу Бәкір былай дейді: «Аллаға серт! Әлбетте, намаз бен зекеттің арасын бөлуші әркіммен соғысамын. Расында, зекет – мал-мүліктің қақы. Аллаға серт! Алланың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) болған заманда төлеп жүрген бір ешкіні менің кезімде төлеулерінен бас тартса, сол үшін, әлбетте, олармен соғысамын.

Ақыреттегі жазасы:

Алла Тағала Құран Кәрімде айтады: «Алтын мен күмісті қазына етіп жинаушыларды және оны Алла жолында жұмсамаушыларды, (әй, Мұхаммед), оларды қинаушы азаппен сүйіншіле! Қазыналары жәһаннам отына қыздырылған күні: «Бұл – өздерің үшін жиған қазыналарың. Енді, жиған нәрселеріңнің дәмін татыңдар» - делініп, онымен олардың маңдайлары, жамбастары және арқалары күйдіріледі». 

Әбу Һурайра, Алла Тағала оған разы болсын, Алланың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты: «Алла Тағала мал берген біреу оның зекетін төлемесе, Қиямет күні малы екі зәбибәлі қасқа бас жылан бейнесінде көз алдына келіп, оны орап алады және жақ сүйегімен аузына алып: «Мен - қожайыныңмын. Мен – қазынаңмын» - дейді..». 

материал «Құлшылықтар фиқһы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: