03
Жұма,
Мамыр

һижри

Күмістің зекеті

Күмістің зекеті

Зекет

Дінімізде белгілі мөлшердегі бағалы түсті металлдарға да зекет парыз етілген.

Күмістің нисап мөлшері – 200 дирхам, яғни, 595 грамм. Кімде-кімнің 595 грамм күмісі болса, оның қырық та бірін зекетке беруі – парыз.

Әбу Са’д әл-Худриден (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ) күмістің нисап мөлшерін былай деп білдірген:

«Бес уқийеден аз күмістен, бес заудден аз түйеден, бес уасқтан аз егістік өнімдерінен зекет алынбайды»[1].

Бес уқийе – 200 дирхамға тең. Ибн Омар хазіреті Әлиге:

«Сахабалардан күміс нисабының 200 дирһам екендігіне қарсы шыққан пенде болмады», - деген.

Әбу Ханифаның айтуынша екі жүздің үстіндегісі қырық дирхемге жетпейінше ештеңе берілмейді. Қырыққа жетсе тағы бір дирхем береді. Әрі қарай да осылай есептеледі, яғни әрбір қырық дирхемнен бір дирхем. Ал, Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің пікірінше үстіндегі қосымшасы қырық дирхемге жетсе де, жетпесе де зекетін есептеп шығару керек.

ummet.kz


[1] Бухари, Зекет,4; Муслим, 1/3.

Бөлісу: