Түйе зекетінің нисап мөлшері мен парыз болған мөлшері Пайғамбарымыздың (ﷺ) хадистерінде анық көрсетілген.
Зекет ретінде берілетін түйе арықтық, семіздік жағынан орта күйде және ұрғашы болуы шарт. Еркек түйе берілетін жағдайда құны беріледі.
Түйе саны 5-9 аралығында болса, 1 қой;
Түйе саны 10-14 аралығында болса, 2 қой;
Түйе саны 15-19 аралығында болса, 3 қой;
Түйе саны 20-24 аралығында болса, 4 қой;
Түйе саны 25-35 аралығында болса, түйеге бір жасар ұрғашы 1 түйе;
Түйе саны 36-45 аралығында болса, екі жасар ұрғашы 1 түйе;
Түйе саны 46-60 аралығында болса, үш жасар ұрғашы 1 түйе;
Түйе саны 61-75 аралығында болса, төрт жасар ұрғашы 1 түйе;
Түйе саны 76-90 аралығында болса, екі жасар ұрғашы 2 түйе;
Түйе саны 91-45 аралығында болса, үш жасар ұрғашы 2 түйе;
Түйе саны 121-144 аралығында болса, үш жасар ұрғашы 2 түйе мен әр 5 түйе үшін 1 қой яки ешкі;
Түйе саны 145-149 аралығында болса, үш жасар ұрғашы 2 түйе мен бір жасар ұрғашы 1 түйе;
Түйе саны 150-ге жеткенде үш жасар ұрғашы 3 түйе;
Бұдан кейін 174-ке дейін әр 5 түйе үшін 1 қой немесе ешкі;
Түйе саны 175-тен 185-ке дейін болса, үш жасар ұрғашы 3 түйе мен бір жасар ұрғашы 1 түйе;
Түйе саны 186-195-ке дейін болса, үш жасар ұрғашы 3 түйе мен екі жасар ұрғашы 1 түйе;
Түйе саны 196-200-ге дейін үш жасар ұрғашы 4 түйе беріледі.
Бұдан кейін жүз елуден кейінгі 50 түйеде жасалған есеп екі жүзден кейінгі әр 50 түйеде де қолданылады.
Түйенің зекетінде ұрғашы түйе, яки құны беріледі.